Ыбырай Жақаев атындағы қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты ұсынған сұрыптар мемлекеттік сынақтан өткізілді.
Қазіргі таңда «Айсәуле», «Сәлима» және «Сыр сұлуы» атты жаңа тұқым түрлерінің шығымдылығы мен өнімділігі зерттелу үстінде. Бүгінде облыстың шаруа қожалықтары күріштің 13 түрлі тұқымын егеді. 1 гектар жерге күріш егіп, баптауға 200 мың теңгеге жуық қаржы жұмсалады.