
Бүгін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Нұрхан
Жәлиев Елбасы Жарлығы бойынша 30 батыр ананы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларымен марапаттады, - деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.
- Мемлекетіміздің демографиялық дамуына және тек бір әулеттің ғана емес, тұтас елдің ең басты байлығы - адами капиталдың артуына үлес қосып жүрген Сіздерді бүгінгі күннің нағыз батырлары ретінде мақтан етеміз, - деді Нұрхан Жәлиев.
Жалпы, Қызылорда қаласы бойынша бүгінде көп балалы 3 500 әйел бар болса, төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырған жас аналардың саны 6 мыңға жуық.