«Қайсар» алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады

 «Қайсар» алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады   Қызылорда. Қызылорданың «Қайсары» Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп қайтты. Дайындық барысында үш командамен жолдастық кездесуде жасыл алаңға шықты.
Алдымен Алматының «Қайратымен» кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Одан кейін Түркияның «Серие Беледиеспор» клубын 4:1 есебімен талқандады. Ал кеше, 22 желтоқсанда Оралдың «Ақжайығымен» кездескен жерлестеріміз ойынды 0:0 есебімен тең аяқтады. Бас бапкер Дмитрий Огай алғашқы оқу-жаттығу жиынына былтырғы құрамнан қақпашылар – Кирилл Прядкин, Ахмет Алайдаров, Шыңғыс Таңатқанов, қорғаушылар – Қанат Әлиев, Сүйіндік Көшеков, Егор Азовский, Абылайхан Төлегенов, жартылай қорғаушылар – Думан Нәрзілдаев, Бағдат Исмаилов, Серік Сағындықов, шабуылшылар – Жасұлан Молдақаарев пен Елжас Алтынбековті шақырды. Ал еліміздің өзге өңірлерінен Нұржарық Күнов, Алексей Мальцев, Николай Забродин, Рақымжан Розыбакиев, Дамир Дәуітов, Андрей Шабаев, Ильдар Шайхесламов, Еркасым Ешенкұл және Алмас Арменов дайындыққа шақырылған. Сондай-ақ, Артур Юспашян, Матик Марушко, Младан Лазаревич, Лукас Байер, Амир Гурбани, Артем Артюнин сынды шетелдік футболшылар да сынақтан өткізіліп жатыр. Бүгінгі таңда команданың дайындығына барлығы 32 футболшы қатысуда.  «Қайсардың» келесі оқу-жаттығу жиыны 5-19 қаңтар аралығында өткізіледі деп жоспарланып отыр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 желтоксан 2013 г. 1 049 0