Еліміздегі 91 теміржол стансасының атауы қазақшаланды

Еліміздегі 91 теміржол стансасының атауы қазақшаландыҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолға алуымен Үкімет жанындағы онамастикалық комиссияның отырысында Қазақстандағы 100-ге жуық теміржол стансасының атауы өзгертілді. Бұл туралы журналист Нұртөре Жүсіп өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Вaq.kz.
Оның мәліметінше, Үкімет жанындағы ономастика комиссиясының кезекті отырысында Қазақстандағы бірқатар теміржол стансаларының атауы ұлттық сипатына оралды.
«Алма–Ата–1, Алма–Ата–2–нің орнына Алматы–1, Алматы–2 деп, Кустанай – Қостанай, Осакаровка – Сарыбел, Карьерная – Ортас, Семипалатинск – Семей, Талды–Курган – Талдықорған, Чимкент – Шымкент, Сары–агач – Сарыағаш, Джетісай – Жетісай, Джамбул – Тараз, Саксаульская – Сексеуіл, Казалинск – Қазалы, Джусалы – Жосалы, Тюратам – Төретам, Хор–хут – Қорқыт, Джалагаш – Жалағаш, Кзыл–Орда – Қызылорда, Соло–тобе – Сұлутөбе, Чиили – Шиелі, Тюмень–арык – Төменарық үлгісінде қайта жаңартылды. Жалпы стансалар бойынша 91 атау өзгертілді», – деп жазады журналист.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қараша 2016 г. 584 0