Жаңақорған. Жаңақорған ауданында орналасқан күкірт қышқылы зауытында электр- энергияны үнемдеу мақсатында баламалы күн энергиясын пайдалану жолға қойылуға жұмыс жасалуда.
Мемлекет басшысы энергия үнемдеу саласында жалпы ішкі өнімді үнемдеуді 2015 жылға қарай 10%-ға, 2020 жылға қарай 25%-ға төмендету бойынша міндетті алға қойды. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, зауытта күн фотоэлектрлі жүйесінің қуаттылығы 418,6 кВт-ты құрайды. Жалпы саны 1820 дана күн батареялары орнатылған. Күніне 7,5 сағат жұмыс істейтін мүмкіндікке ие. Кәсіпорынның вахталық қалашығында тұрғызылған 20 үйді электр энергиямен қамтамасыз етуге жететін бұл жоба әзірге сынақтан сүрінбей өтіп, 2014 жылы толыққанды іске асады деп жоспарлануда.