
Бүгін Алматыда болған терактіге қатысты сот үкімі шықты. Қылмыстық істің басты фигуранттары – Руслан Күлекбаев өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Руслан Күлекбаев ҚР Қылмыстық кодексінің (ҚР ҚК) 255-бабы, 4-тармағы (лаңкестік акт), 99-бабы, 2-тармағы (екі немесе одан да көп адамды өлтіру), 24-бабының 3-тармағы (өлтіру үшін шабуыл жасау), 192-б. 4-т. (топ адамға қарақшылық шабуыл), 287-б. 4-т. (заңсыз қару тасымалдау), 288-б. 2-т. (қаруды заңсыз жасау), 291-б. 4-т. (қару ұрлау), 200-б. 4-т. (көлік ұрлау), 126-б. 2-т. (адамды заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша, 58 бабының 4-бөлігін басшылыққа алынып, өлім жазасы тағайындалсын», – деді судья Ерлан Болатов.