
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың ұсынымымен және Арал аудандық мәслихатының шешімімен Арал ауданы әкімі лауазымына Оразбаев Мұхтар Әуесұлы тағайындалды, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
Оразбаев Мұхтар Әуесұлы 1971 жылы Арал қаласында туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы «Аралбалық» акционерлік қоғамы автопаркінің механигі ретінде бастаған. 1997-1999 жылдары «Көл» акционерлік қоғамының бас инженері, 2000-2002 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі жетекші маманы, 2002-2005 жылдары Арал ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, 2005-2006 жылдары Арал ауданы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.
2006-2012 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының басшысы болса, 2012 жылдың қаңтар айынан бастап осы кезге дейін Арал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.