
Қызылорда қаласында 22-23 қазан күндері қоғам қайраткері, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовты еске алуға арналған дзюдодан 1997-1998 жылдары туылған жастар арасында дәстүрлі халықаралық турнир өтті.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, биыл он алтыншы мәрте ұйымдастырылған дүбірлі бәсекеге еліміздің он бір облысынан және Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 25 команда, 300 татами шебері 16 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.
Турнирдің мақсаты – Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовты еске алу, саламатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында дзюдо күресін кеңінен насихаттау, жас палуандардың шеберлігін шыңдау.
Б.Сүлейменов 1938 жылы Қармақшы ауданының Алдашбай ахун ауылында дүниеге келген. Көп жыл бойы шаруашылық, партия органдарында қызмет жасап, ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосқан азамат.
Үздіксіз қызметіндегі қол жеткен табыстары үшін «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен, Қазақ ССР-нің Жоғары кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қармақшы ауданының мәслихатының қаулысымен 1998 жылы «Қармақшы ауданының Құрметті азаматы» атанды.
Жарыстың салтанатты ашылуында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, дзюдодан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Ержан Байжұманов және Б.Сүлейменов ағайындарының атынан Социалистік Еңбек Ері Сәлима Жұмабекова жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, елімізде дзюдо күресінің дамуына зор үлес қосқаны үшін Б.Сүлейменовтың ұлы Сағатбек Сүлейменовке ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің алғыс хаты табысталды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер медаль, диплом, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Халықаралық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Қыздар арасында:
44 келі:
I орын Адия Сайын (Қызылорда обл.)
II орын Әсем Берік (ОҚО)
III орын Ұлназ Ермахан (ОҚО)
III орын Фариза Қайырбек (Қызылорда обл.)
48 келі:
I орын Салтанат Сұлтанбекова (Қызылорда обл.)
II орын Әбиба Әбужақынова (Алматы обл.)
III орын Нұрсұлу Ералиева (Алматы обл.)
III орын Ғалия Тыныбаева (Алматы қ.)
52 келі:
I орын Айдана Ермахан (Қызылорда обл.)
II орын Жадыра Әміртаева (Жамбыл обл.)
III орын Диана Тілеумұратова (Қызылорда обл.)
III орын Айнұр Сүлеймен (Жамбыл обл.)
57 келі:
I орын Аида Карчаева (Жамбыл обл.)
II орын Динара Әбілдаева (Алматы қ.)
III орын Маржан Бизақ (ОҚО)
III орын Гүлбибі Медетбай (Қызылорда обл.)
63 келі:
I орын Мөлдір Нарынова (Алматы обл.)
II орын Иоланта Бердібекова (Алматы қ.)
III орын Аружан Әбілдаева (Жамбыл обл.)
III орын Ләйлә Ақмолда (Жамбыл обл.)
70 келі:
I орын Ақерке Күләш (ОҚО)
II орын Ақниет Тұрдан (Алматы қ.)
III орын Арайлым Оразбай (Қызылорда обл.)
III орын Есілжан Құдаева (Жамбыл обл.)
78 келі:
I орын Назерке Тілеуханова (Алматы қ.)
II орын Күлімшат Еркін (Қызылорда обл.)
III орын Аида Файзолла (Қызылорда обл.)
III орын Перизат Қадырбекова (ОҚО)
+78 келі:
I орын Камила Берліқаш (Алматы обл.)
II орын Нұрханым Тұршабек (Қызылорда обл.)
III орын Аружан Сартай (Қызылорда обл.)
III орын Гүлида Көбей (ОҚО)
Ұлдар арасында:
55 келі:
I орын Дәурен Сүйкенов (Алматы обл.)
II орын Қуаныш Жақсылық (ОҚО)
III орын Нұрхан Алмабек (Қызылорда обл.)
III орын Жәнібек Омар (Қарағанды обл.)
60 келі:
I орын Арсылан Есенгел (Ақтөбе обл.)
II орын Арман Жалғасбекұлы (Қызылорда обл.)
III орын Армат Есқазиев (Алматы қ.)
III орын Алмас Ғалымов (Алматы қ.)
66 келі:
I орын Бехруз Амандавлатов (Өзбекстан)
II орын Кобулжон Ахмедов (Өзбекстан)
III орын Бек Әнуарбеков (Алматы обл.)
III орын Бақытжан Әбдірахманов (ОҚО)
73 келі:
I орын Махмуд Негматов (ОҚО)
II орын Жанболат Бақтыбергенов (Қызылорда обл.)
III орын Әсет Әбдіреев (Қызылорда обл.)
III орын Ислам Шагиров (Алматы қ.)
81 келі:
I орын Юсуф Нормаматов (Өзбекстан)
II орын Мейіржан Байжігіт (ОҚО)
III орын Батырбек Хамит (Қызылорда обл.)
III орын Бекарыс Абушахман (Алматы қ.)
90 келі:
I орын Нұрәділ Есенкелді (ОҚО)
II орын Дархан Жамалхан (ОҚО)
III орын Аян Рамазанов (ШҚО)
III орын Гулом Алимов (Өзбекстан)
100 келі:
I орын Қайсар Шамшиддинов (ОҚО)
II орын Әуез Нұрғали (ОҚО)
III орын Нұрсәт Темірхан (ОҚО)
III орын Урол Хусанов (Өзбекстан)
+100 келі:
I орын Ғалымжан Қырықбай (Жамбыл обл.)
II орын Ғазиз Оңғарбай (Алматы қ.)
III орын Әліби Жұмаділлаев (ОҚО)
III орын Никитин Иванов (Алматы обл.)