Әбдісаттар Оспановтың мерейтойлық кеші өтеді

Әбдісаттар Оспановтың мерейтойлық кеші өтеді8 қараша күні сағат 17.00-де А.Тоқмағамбетов атындағы Қызылорда облыстық мәдениет үйінде Қазақстан Жазушылар одағының, Авторлар қоғамының мүшесі, жазушы, ақын, әнші-күйші, сазгер Әбдісаттар Оспановтың 75 жасқа толуына байланысты мерейтойлық кеш өтеді. 
Арал ауданының аядай ғана ауылында туып, аты елге танылған ағамыз шығармашылық жолына кештеу келген. Соған қарамастан тарих пен әдебиетте, қазақтың музыка өнерінде қолтаңбасын қалдырып үлгерді. Әрі би, әрі батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлының өмірі мен ерлігін зерттеуге көп күш және жыл жұмсады. Ол жайында бірнеше еңбегі жарық көрді. Үш томдық тарихи-көркем «Наркескен» трилогиясы батырдың 240 жылдығына үлкен тарту болды. Әбдісаттар Оспанов сондай-ақ Сыр шайырлары Қарасақал Ерімбет пен Нұртуған Кенжеғұлұлының поэзиясына тереңірек үңіліп, ұрпаққа құнды дүниелер ұсына білді. Өлеңдері мен дастандары – бір төбе. Алпыстан астам ән мен он шақты күйдің авторы. 
Мерейтой иесі 75 жылдығын елеусіз қалдырмаған облыс басшылығына, шараның басы-қасында жүрген жерлестеріне риза. 8 қарашада өтетін кеште облыстық филармония жанынан құрылған Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі, Эльмира Жаңабергенова, Самал Байсейітова, Дархан Жамантаев секілді өнер иелері Әбдісаттар Оспановтың туындыларын орындайды. Келем деушілерге есік ашық, кіру тегін. 
                                                                                                                  Назерке САНИЯЗОВА.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қараша 2016 г. 745 0