Қазалы. Биыл Қызылорда облысы Қазалы ауданында жұмыссыз жүрген 200-ден астам тұрғын «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша оқытылды. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар шаштараз, машинист, құрылысшы, электрик, дәнекерлеуші секілді жалпы саны 10-ға жуық мамандықты игерген. Олардың басым бөлігін жастар құрайды.
Қазіргі таңда мамандық алғандардың 80 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты.
Солардың бірі – қайта даярлаудан өткен Ержан Сатыбалдиев. Көптен жұмыссыз жүрген ол бүгінде аудандағы кәсіпорындардың бірінде ағаш шебері.«Бұрын біраз жыл сенделіп бос жүрдім. Мамандығым да жоқ еді. Мына мамандықты алғаннан кейін айлығым көбейді, жұмысым да жақсы», - дейді Е.Сатыбалдиев.