Әріптестер мерейі

Өткен сенбі «Сыр бойы» газетінің тілшілері үшін табысты болып, үш бірдей әріптесіміз марапат биігінен көрінді. 
Сырдария мен Жалағашта өткен «Алтын күз-2016» шарасында осы аудандардың тыныс-тіршілігін, ауыл еңбеккерлерінің игі істерін ақпарат құралдарында насихаттағаны үшін «Сыр бойы» газетінің тілшілері Нұрбек Дәуренбеков пен Кенжетай Қайрақбаев аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталды. 
Сонымен қатар тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қазалыда ұйымдастырылған шаралар барысында Ғани Мұратбаев атындағы облыстық жастар сыйлығының иегерлері марапатталды. Олардың қатарында әріптесіміз Назерке Саниязова да бар. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 қазан 2016 г. 569 0