« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінде халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбаев атындағы дәрісхана ашылды. Салтанатқа облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов және қоғам қайраткерлері Мырзатай Жолдасбеков, Сауытбек Әбдрахманов, Нұртөре Жүсіп пен жазушының жұбайы Клара Жұмабаева, профессор-оқытушылар, магистранттар мен студенттер қатысты.
Шараны «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев ашып, жиынның маңыздылығына тоқталып өтті. Одан әрі сөз алған «Болашақ» университетінің ғылыми жетекшісі Б.Досмамбетов дәрісхананың студенттер үшін берері мол екенін айта келе, алдағы уақытта Ә.Кекілбаев атындағы арнайы курс енгізіліп, шығармашыл жастармен жұмыс жасалатынына тоқталды. Ал жазушының жары К.Жұмабаева Әбіш Кекілбаев үшін Сыр елінде атқарылып жатқан шараларға ризашылығын жеткізіп, жарының балалық шағы, еңбек жолы мен шығармашылығы жайында кеңінен айтып берді. Сөз соңында жастарды талмай еңбек етіп, білім алуға шақырды. Сонымен қатар аталған университеттің студенттері заңғар тұлғаға арналған өлеңдерін оқыды.
Қонақтар дәрісханадағы жазушының еңбектері мен баспасөз бетінде жарияланған мақалалары, сұхбаттары мен фотосуреттерін тамашалады. Осы ретте мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы Мырзатай Жолдасбеков Әбіш Кекілбаев жайында естеліктерімен бөлісті.
Жиын соңында жазушының жұбайы К.Жұмабаева мен М.Жолдасбековке оқу орнының ұжымы сый-сияпат көрсетіп, естелік суретке түсті. Енді университет студенттері кемел қаламгердің рухани мұраларымен сусындайтын болады.
Сара АДАЙБАЕВА.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |