
Қызылордада гандболдан әйелдер арасында Клубтар лигасының бірінші Азия чемпионаты жалғасуда.
Оған алты команда қатысып жатыр. Жарыстың екінші күнінде Өзбекстан мен Алматы өзара шеберлік байқасып, алматылық қыздар 22:31 есебімен басым түсті. Одан кейін Катар мен «Іле» кездесіп, Алматы облысының командасы 19:35 есебімен жеңіске жетті.
Артынша «Қайсар» мен Иран бақ сынасып, жерлестеріміз намысты қолдан бермеді. Есеп 28:24.
Келесі ойындар 29 қазан сағат 14.00-де басталады.
14.00 Алматы – Катар
16.00 Иран – Өзбекстан
18.00 Іле - Қайсар