Қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу апталығы өтуде

Қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу апталығы өтудеҚұрметті тұрғындар! 
29 қазан - Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күніне орай қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу мақсатында 24-30 қазан аралығында апталық жарияланып, барлық медициналық ұйымда «Ашық есік» күндері өткізілуде. 
Апталықтың мақсаты - адамдардың қан айналымы жүйесі ауруы мен оның асқынуын дер кезінде анықтау үшін өз денсаулықтарына деген ортақ жауапкершілікті арттыру; жұмыс істейтін тұрғындар үшін осы бағытта кешенді алдын алу шараларын бастау, инсульттан туындаған  өзекті мәселелерге қоғамның назарын аудару, аталған бағыт бойынша қызметкерлерді тегіс қамтитын профилактикалық шараларды бастау; ми қан айналымы жүйесінің жедел бұзылуының алдын алуға бағытталған мәселелерді шешуге жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдарының назарын аудару. Осы ауруға қарсы жаһандық шұғыл күресте белсенді шараларға жұртшылықты тарту.
Бір күніңізді тексерілуге және алдын алуға жұмсаңыз, сонда сіз – инсульт сияқты қауіпті дерттің тұзағына түспейсіз! 
Уақытылы дәрігерге қаралыңыз! 
Өзіңізді ойландыратын, түсініксіз сұрақтар болса – CALL орталығының 
40-00-01 телефонына хабарласыңыз.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қазан 2016 г. 913 0