ЖРВИ мен тұмаудан сақтанып жүріңіздер!

ЖРВИ мен тұмаудан сақтанып жүріңіздер!Күз бен қыс айларында ауа райының қолайсыздығына байланысты тұмау мен жедел респираторлы вирусты инфекцияның көбею қаупі бар. Індет кезеңі 1 жасқа дейінгі сәбилер мен жүкті әйелдер үшін аса қауіпті.  Сондықтан жүкті әйелдер мен сәбилердің ЖРВИ мен тұмаумен сырқаттануына  жол бермеу жұмыстарына баса аудару керек!
Профилактикалық шаралар:
Әрбір 2 сағат сайын мұрын шырышты  қабаттарына оксалин, антивир майын жағып отырыңыз.
Медициналық бетперде  тағып, науқасты оқшаулап, бөлмені жиі желдетіңіз.
ЖРВИ мен тұмауға қарсы ем-домды тек дәрігердің тағайындауымен қабылдаңыз.
Ас мәзіріңізде С дәруменіне бай пияз, сарымсақ, ащы қызыл бұрыш, қара қарақат, орамжапырақ, лимон, итмұрын қолданыңыз.
Егер жүкті әйелдер мен жас сәбилерде аурудың алғашқы белгілері байқалса тез арада  аймақтық дәрігерге  хабарласыңыз, болмаса үйге  дәрігерді  шақыртыңыз.
Жүкті аналар мен сәбилер денсаулығына көңіл бөлейік! 
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қазан 2016 г. 922 0