Қызылордалық ауыр атлет - Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Қызылордалық ауыр атлет - Әлем чемпионатының қола жүлдегеріМалайзияның Пенанг қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында жерлесіміз Евгений Ломанов қола жүлдені еншіледі. 
Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді Евгений салды. Ол 77 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жұлқа көтеруде 140, серпе көтеруде 167 келіні көтеріп, қоссайыста 307 келіні бағындырды. 
Ол 8 жасынан бастап ауыр атлетикамен айналысты. Бұған дейін биылғы жылы Шымкент қаласында өткен ҚР мектеп және колледж оқушылары арасындағы Спартакиаданың жеңімпазы атанса, жасөспірімдер  және жастар арасында Қазақстан чемпионатында күміс жүлдені иеленді. Ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері. 
Қазіргі таңда Евгений Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың 11 сыныбында оқиды. 
Е.Ломановтың жаттықтырушысы Нұржан Смаханов, Арман Абдраев. Алдағы жоспары – келесі жылы өтетін Әлем, Азия чемпионаттарына қатысуға дайындалады. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қазан 2016 г. 684 0