Жүргізушілер өтініші жерде қалмады

Жүргізушілер өтініші жерде қалмадыЖуырда «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының өкілдері қалалық ішкі істер басқармасы мамандарымен бірлесіп «Жолда қабылдау» акциясын өткізді.
Қала аумағында өткен қабылдауда көлік жүргізушілері жол ережесі заңдылықтары мен конституциялық құқықтарының сақталмауы жайында өтініштерін білдірді. Мәселен, 16 жыл көлік жүргізу тәжірбиесі бар Асхат Әбілтай мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәлігін қайта рәсімдеу мәселесі бойынша шағымданды.  
Жүргізуші сауалына қалалық жергілікті полиция бастығының орынбасары Руслан Нағашыбай кеңес берді. Полиция майоры, бұл ҚР жол қозғалысы ережесінің талаптарына сәйкес көзделгендігін жеткізді.
Акция аясында нұротандықтар көлік жүргізушілеріне жол сақшыларының азаматтармен қарым-қатынасы кезінде өздерін қалай ұстайтындығы жөніндегі мәселелер қамтылған арнайы сауалнамалар таратып, жергілікті әкімшілік полициясының жол патрульдік қызметінің жұмысын бағамдады.
«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов «Жолда қабылдау» акциясының құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік құрылымдардың имиджін көтеру, сондай-ақ, жергілікті әкімшілік полициясының қызметіне деген қарапайым халықтың сенімін арттыру бағытында ұйымдастырылғанын атап өтті. 
Н.САҒАТҰЛЫ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қазан 2016 г. 479 0