
ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты Марат Демеуов Қызылорда облысы ІІД-нің жаңа бастығын жеке құрамға таныстырды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қызылорда облысы ІІД бастығының лауазымына полиция полковнигі Қайрат Болатұлы Мұхитов тағайындалды.
Мұхитов Қайрат Болатұлы Онтүстік-Қазақстан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1983 жылы бастаған. 1987 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған.
Әр жылдары жедел қызметтерде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Соңғы лауазымы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.
Марат Демеуов жаңада тағайындалған облыстық полиция басшысына оның кәсіби және жеке қасиеттерін атап көрсете отырып, жемісті еңбек тіледі.
ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі