Әскери эстафета

Әскери эстафетаБүгін ҚР ҰҰ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5547 әскери бөлімінде Қызылорда гарнизоны әскери құрылымдарының эстафеталық шарасы өтті. 
Әскерилер оны тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнады. Эстафетаға ҚР ҰҚК шекара қызметінің 2019, ҚР ҚМ 66597, ҚР ҰҰ 5547 әскери бөлімдері мен әскериленген техникалық мектептің ұжымы қатысты. Сарбаздар жүгіру, автоматпен ату, граната лақтыру сияқты жарыс түрлерінде бақ сынап, жаттығу тәсілдерін паш етті. ҚР ҰҰ 5547 әскери бөлімінің командирі, подполковник Мақсат Қырғызбаевтың айтуынша, мұндай шаралар мықтыларды анықтап қана қоймай, жастарды елжандылыққа тәрбиелейді. 
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қазан 2016 г. 622 0