Ақтөбе облысының Қызылордадағы күндері аясында 14 қазан күні сағат 15:00-де Ә. Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының лекция залында ақын Бауыржан Бабажанұлының оқырмандармен кездесуі өтеді.
Кешті белгілі ақын, «Қоғам ТВ» телеарнасының құрылтайшысы Шаһизада Әбдікәрімов жүргізеді.
Жыр әлеміне өз үнімен келіп қосылған ақын кешінен қалып қоймайық, ағайын!