Жас режиссер премьерасына шақырады

Жас режиссер премьерасына шақырадыБүгін, 12 қазан күні сағат 19.00-де Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрында Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» драмасы сахналанады. 
Пьеса авторы көрерменге тағдырмен күресу үшін таусылмас күш, талмас қажыр-қайрат керектігін ұқтырғысы келеді. Психологиялық драманың мәні туған ел, туған жермен қатар туған шаңырақ пен ата-ананың алдында перзенттік парыз барын паш етеді. 
Жас режиссер Ақтөре Оразалы әзірлеген жаңа туындыны тамашалаңыздар!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қазан 2016 г. 856 0