Қазалыда Жалаңтөс баһадүрдің 440 жылдығына арналған конференция өтті

 Қазалыда Жалаңтөс баһадүрдің 440 жылдығына арналған конференция өттіЖалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлының 440 жылдық мерейтойына орай Қазалыда «Жалаңтөс баһадүр – Тұран өркениетінің ұлы перзенті» атты тарихи-танымдық конференция өтті, - деп хабарлады аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің баспасөз қызметінен.
Шара барысында «Рухы асқақ ұлы тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, құнды мағлұматтар берілді. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Толыбай Жүсіпов батырдың ерлігі мен өмірін насихаттай келе, жастардың патриоттық сезімін ояту бағытындағы шараның маңызына тоқталды. Конференцияны Қарашеңгел ауылдық округінің әкімі Алмат Әбілхан қорытындылап, Жалаңтөс Баһадүрдің ерен ерлігі өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде кейінгі ұрпақтың жадында мәңгі қалатынын айтты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қазан 2016 г. 866 0