2017 жылы зейнетақы мен жәрдемақы өседi

2017 жылы зейнетақы мен жәрдемақы өседi Кеше Мәжiлiсте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң 2017-2019 жылдарға арналған бюджет жобасын талқылау барысында келесі жылы зейнетақы мен жәрдемақының мөлшерi қанша болатыны белгiлi болды, деп хабарлайды BNews.kz.
«Шығыстардың негiзгi бөлiгi әлеуметтiк-еңбек саласына бағытталған. Оның 1 трлн 998 млрд теңгесi – әлеуметтiк төлемдер, яғни зейнетақы мен әр түрлi жәрдемақылар. 2017 жылы зейнетақы мөлшерi 9 пайызға артады. Осының негiзiнде базалық зейнетақының мөлшерi 12 802 теңгенi құрайды. Базалық зейнетақы мен негiзгi зейнетақыны қосқан кезде оның мөлшерi 60 мың 167 теңге болады. Барлық әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерi 2017 жылдың бiрiншi қаңтарынан 7 пайызға артады», – деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму вице-министрi Бiржан Нұрымбетов.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қазан 2016 г. 774 0