Облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ақмешіт» филиалында ел тәуелсіздігiнің 25 жылдығына орай «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Мерекелік кеште №6 мектебiндегi «Жас ұлан» ұйымының оқушылары үш тілде өлең оқып, өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ, №4 мектептің бастауыш сынып оқушылары көркемсөз оқудан сайысты. Шара барысында музей қорынан алынған құнды кітаптардан көрме ұйымдастырылды. Қорытындысында жеңімпаздар нақтыланып, Томирис Ахметова, Балжан Ізет, Дінмұхаммед Тұрсынбай арнайы алғыс хаттарға ие болды.
М.СНАДИН.