Академияның 25 жылдығына арналған жиын

Академияның 25 жылдығына арналған жиынҚорқыт Ата атындағы ҚМУ-да "Тұрақты ғылыми технологиялық даму: трендтер мен технологиялар” халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының "Қор-энергия үнемдегіш технологиялар: тәжірибе және келешегі” секциясының жұмысы өтті. ҚР Ұлттық инженерлік академиясының 25 жылдығына арналған басқосуды университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов ашып, секция жұмысына сәттілік тіледі.
– Бүгінде Ұлттық академияның ғалымдары мен жоғары білікті инженерлері ел экономикасының дамуына үлес қосып, ғылыми-техникалық әлеуеті біріктіріліп, жұмыс жүргізілуде. Академия соңғы жылдары Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық дамуын қамтамасыз ететін зерттеулердің маңызды бағыттарын табысты іске асырып келеді. Осы орайда аймақтық университеттерде ашылған академия филиалдарының да орны ерекше. Солардың қатарында 1992 жылы академик Уәлихан Бишімбаевтың жетекшілігімен құрылған Қызылорда филиалы да өз жұмысын лайықты жалғастырып келеді, – деді ол.
Әрі қарай университеттің Сәкен Сейітханов, Роза Нарманова, Ләззат Аруова секілді жетекші ғалымдары тақырып төңірегінде баяндама жасап, секция материалдарын "ҚРҰИА Хабаршасы” мен "Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Хабаршысы” ғылыми  журналдарында жариялауды ұйымдастыру, қор-энергия үнемдегіш технологиялардың өзекті мәселелері бойынша ғылыми конференцияларды тұрақты өткізіп тұру туралы ұсыныстарын айтты. 
Мөлдір СНАДИН.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қазан 2016 г. 651 0