Еңбек еріне құрмет

Еңбек еріне құрметСоциалистік Еңбек Ері, Қазалы ауданының құрметті азаматы Кәрібоз Әлимаевтың 80 жасқа толу мерейтойы Қазалы ауданында салтанатты түрде аталып өтті, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен. 
Жиында аудан әкімі Нажмадин Шамұратов мерейтой иесіне сый-құрмет көрсетті. Одан әрі облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы С.Имандосов, аудандақ ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекбанов, Тасарық, Қарашеңгел, Бозкөл ауылдық округтерінің ақсақалдары, аудандық ауылшаруашылық бөлімінің ұжымы К.Әлимаевтың ел үшін жасаған ерен еңбегінің бүгінгі ұлы көштің үлкен легіне айналып келе жатқан жастар үшін үлгі-өнеге екенін жеткізіп, Еңбек ерін мерейтойымен құттықтады.
Шара соңында Кәрібоз ақсақал жастық шағы мен еткен еңбегі жайлы сыр шертіп, жастарға баянды болашақ тіледі. 
Өткенді ой елегінен өткізер болсақ, Кәрібоз Әлимаевтың салған сара жолы көпке үлгі. Балалық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарымен тұспа-тұс келген ол мектепті бітірісімен трактор руліне отырады. Еткен еңбегі бағаланып, 31 жасында «Социалистік Еңбек Ері» және «Ленин» орденімен наградталады. 1970-1995 жылдары қой бағып, шопан атанады. Сол аралықта ауылдық, аудандық советтің депутаты болып, елге қызмет етеді.
Жалпы, Социалистік еңбек Ерідегенресми құрметті атаққа ие болғандардың саны облыста жүзден асса, оның бесеуі – қазалылық еңбеккерлер: КәрібозӘлимаев, Дүйсенбай Маханов, Көлжан Оразалиева, Пётр Павлович, ӘбушаДінісламовтер.Аудан орталығындағы «Жеңіс» саябағында Социалистік Еңбек Ерлеріне қойылған ескерткіштің арасында Кәрібоз Әлимаевтың да бюсті орналасқан. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қазан 2016 г. 741 0