Облыстық сот жұмысын қорытындылады

Облыстық сот жұмысын қорытындылады
Кеше облыс әкімдігінің өңірлік коммуникациялар орталығында Қызылорда облыстық сотының 2016 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысына арналған брифинг өтті. 
Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Бақытжан Қалымбет заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету бағытындағы нәтижелі шараларға тоқталды. 
- Биыл еліміздің сот жүйесі халықаралық стандарттарға сай бес сатылыдан үш сатылы жүйеге көшті. Судья лауазымына үміткерлерге қойылатын талап күшейтіліп, тәжірибеде тергеу сдьясы лауазымы пайда болып, жұмыс атқаруда, - деді ол. 
Бақытжан Қалымбет қылмыстық істерге қатысты салыстырмалы көрсеткіштерді қамтыса, облыстық сот судьясы Гүлсім Таңатова азаматтық істер жайын алға тартты. 
- 2014 жылы қолданысқа енген «Төрелік» ақпараттық-талдамалық жүйесі биыл толық іске қосылды. Жаңа жүйе ақпараттық деректер алмасуды жеделдетіп, автоматтандырылған есеп пен процессуалдық мерзімнің сақталуын бақылауды, статистикалық-талдамалық есеп қалыптастыруды жеңілдетеді, - деген ол азаматтардың электронды сот кабинетіне жүгіну белсенділігі жоғары екенін атап өтті.
Брифинг барысында сондай-ақ облыстық сот судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші Артур Наримов ҚР соттарының БАҚ-пен өзара іс-қимыл тұжырымдамасы туралы ақпарат берді. 
Н.САНИЯЗОВА
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қазан 2016 г. 494 0