Жаңа заң жобасы талқыланды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер сарайында «Үкіметпен ашық сұхбат» айдарымен «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 33-қадамын іске асыру аясында «Пробация туралы» және «Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация сұрақтары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылауға арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтті. 
Облыс әкімдігінің қолдауымен Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ұйымдастырумен өткен басқосуға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов және сот, прокуратура, жергілікті құқық қорғау және мүдделі мемлекеттік  органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. 
«Дөңгелек үстел» отырысын ашқан облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов аталған заң жобасының маңыздылығына тоқталып өтті. 
Жалпы, қазіргі уақытта елімізде пробация екі үлгідегі, яғни, үкімдік және кейінгі пенитенциарлық пробацияны қамтиды. Заң жобасының мақсаты – еліміздің қылмыстық саясатын одан әрі ізгілендіру, құқық бұзушылардың рецолизация әсерін арттыру болып табылады, оның ішінде жақын халықаралық стандарттарға тарту, сотқа дейінгі және пенитенциарлық пробацияны енгізу көзделуде. 
Басқосуда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Ғанибек Отарбаев аталған Заң жобасын егжей-тегжейлі таныстырып өтсе, облыс прокурорының аға көмекшісі Мейрамхан Ибрашев Заң жобасының негізгі ұғымдары мен мақсатына түсінік берді. Жиылғандар, сонымен бірге, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ибраеваның «Аталған Заң жобасы аясында пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі» тақырыбындағы хабарламасын тыңдады. 
Жиын соңында қатысушылар аталған Заң жобасына қатысты пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салды. 
Айнұр БАТТАЛОВА.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қазан 2016 г. 574 0