
«Социум-Қызылорда» қоғамдық қоры Қызылорда қаласында орнатылатын Батырхан Шүкеновтің ескерткіш-белгісінің ең үздік эскиздік жобаларына ашық конкурс жариялайды, - деп хабарлады облыс әкімімдігінің баспасөз қызметінен.
Конкурстың мақсаты – белгілі тұлғаның бейнесін ашатын, өте мәнерлі мүсіндік көркемдік шешімді анықтау. Ұсынылған жобалар жоғары идеялық және сәулеттік-көркемдік деңгейде орындалуы тиіс. Іріктеу барысында жобаның көркемдік, эстетикалық, идеялық деңгейіне мән беріледі. Ескерткіштің орналасу сызбасы қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісілуі тиіс.
Ереже бойынша конкурс материалдары газетте және интернет ресурстарында жарияланғаннан кейін socium-kyzylorda@list.ru электронды поштасына жолданылады.