
Жаңақорғандық Өркен Құрбанов гипс және бетон өнімдерінен тұрғын үйге қажетті құрылыс заттарын шығарады, - деп жазады "Кызылорда ньюс" сайты.
Жастайынан ата-анасынан айырылған ол іні-қарындасын қанатының астына алды. Кәсібінің арқасында жастарға үлгі боларлық іспен айналысып жүр.
«Оның өнімдерін Қызылорда, Түркістан қалаларынан тапсырыспен алдырады. Дүниелері сапалы әрі бағасы қалтаға қонымды. Өркен сондай-ақ гипстен құс, аң мүсіндерін жасайды», - дейді Жаңақорған аудандық жастар ресуртық орталығының жетекшісі Нұрбол Бәкіров.