Қоғамдық қабылдауға 170-тен астам адам жұмыс іздеп жүгінген

Қоғамдық қабылдауға 170-тен астам адам жұмыс іздеп жүгінген«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі жөнінде қабылдау өтті. Қабылдау барысында бос жұмыс орындары қажетті мамандармен толықтырылып, тұрғындарға жұмыспен қамту бағыттары бойынша түсініктемелер берілді, - деп хабарлады филиалдың баспасөз қызметінен.
Қалалық жұмыспен қамту орталығының басшысы Ғабит Аяпбергеновтің айтуынша, бүгінгі күнге дейін 216 кәсіпкер 1 793 бос жұмыс орнын ұсынған. 
Азаматтардың өтініштеріне облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Әділбек Ерсұлтанов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қалалық жұмыспен қамту орталығының басшылары жауап берді. Қабылдау барысында келушілерге қоғамдық жұмыстар ұсынылып, кеңестер берілді.
Қоғамдық қабылдау меңгерушісі Мақсұт Баекевтың айтуынша, жыл басынан бері партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне жұмыс іздеген 172 тұрғыннан өтініш түскен. Оның 68 пайызы – жастар мен жас отбасылар. 
Жастарды көбіне жұмысқа орналасу және тұрғын үй мәселесі мазалайды. Қоғамдық қабылдау бөліміне хабарласқан жастардың 43 пайызының өтініштері оң шешімін тапқан.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қазан 2016 г. 773 0