
Елбасының тапсырмасына сәйкес "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізін солтүстік бөлігін сақтау" (САРАТС) жобасының іске асырылуы нәтижесінде Арал ауданыдағы балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді.
Мәселен, осыдан он бес жыл бұрын небәрі 400 тонна балық ауланса, қазір оның көлемі 7106 тоннаға жетті. Бұл туралы аудандық баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақпарат хабарлады.
Ауданда 7 балық өңдеу зауыты жұмыс жасайды. Олар республика аумағынан бөлек Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Еуропаға экспортталуда. Бүгінде 4 зауыт «Арал балық өңдеу зауыты», «Арал СДО», «Камбала балық», «СДО Қарашалаң» ЖШС балықты терең өңдеумен айналысады. Ал қалған 3 зауыт «Бөген СДО», «Қуаныш» ЖШС, «Аста» ЖШС балықты мұздату және ыстау сияқты жұмыстармен айналысады. Мұндағы жұмысшылардың айлық жалақысы уақытылы. Сонымен қатар ата кәсіпті жандандыру мақсатында жыл сайын балықшылар слеті өткізіліп келеді. Алдағы уақытты аймақ экономикасына өзіндік үлес қосып келе жатқан саланың өрісі кеңейе түспек.