
2006 жылы шыққан 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттарды бүгіннен бастап төлем және банк операцияларына пайдалануға болмайды, деп хабарлайды BNews.kz.
Банкноттар айырбас үшін 2020 жылдың 3 қазанына дейін қабылданады. «ҚР Ұлттық банкінің барлық филиалында 2006 жылы шыққан 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттар айырбас үшін 2020 жылдың 3 қазанына дейін қабылданады. Ол үшін қосымша ақы, комиссия немесе төлемдер ұсталмайды», - деп хабарлайды Ұлттық банк.