Стенд атушылар ел чемпионатында табысты өнер көрсетті

Стенд атушылар ел чемпионатында табысты өнер көрсетті27 қыркүйек-2 қазан аралығында Алматы қаласында стенд атудан  ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, жарыста облыстық жоғары спорт шеберлігі және №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерінің спортшылары төрт медаль олжалап, жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді. Бірінші орында – Шымкент, үшінші орында – Алматы қалалары.
Трап және дубль-трап бойынша Айжан Досмағамбетова 2 алтын медальді иеленді. Максим Коломоец дубль-траптан үшінші алтынды қоржынға салса, Виолетта Ягодарова қола жүлдеге қол жеткізді. 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қазан 2016 г. 709 0