Байқоңыр қаласын ел бюджеті есебінен дамыту мүмкіндіктері қарастырылуда

Байқоңыр қаласын ел бюджеті есебінен дамыту мүмкіндіктері қарастырылудаБайқоңыр қаласының бюджеті тек ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған. Ресей Федерациясының юрисдикциясы жағдайында еліміздегі мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін қаланы дамытуға пайдалану мүмкін болмай отыр.
Облыстық мәслихат сессиясында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев: «Біз кешен нысандарын жалға бергенімізбен, қала аумағында тұратын өз азаматтарымызды жалға берген жоқпыз, олар үшін қай кезде де жауаптымыз», - деді. Сондықтан Байқоңырда тұратын қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне жол бермес үшін қала мен оған іргелес Төретам, Ақай елді мекендерін, Қармақшы ауданын дамытудың «Жол картасы» іске асырылуда. 
«Жұлдызды қалашықтағы жұмыстан қысқарған адамдарды жұмыспен қамту мәселесін шешеміз. Ондағы жұмыссыздар саны 130-дан асады», - деді Қырымбек Көшербаев. Медицина, білім беру ісіндегі, әлеуметтік саладағы мәселелер де біртіндеп шешімін тауып келеді. Қазір Байқоңыр қаласын дамыту шараларын Қазақстан Республикасы бюджетінің қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібі мен талаптары әзірленуде.
«Бұдан бөлек, ресейлік тараптың 11,6 мың гектар жерді жалдан шығару мүмкіндігін қарап, оны қазақстандық тарапқа кәсіпкерлікті дамытуға беру туралы шешім қабылданды», - деді облыс әкімі. 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қыркүйек 2016 г. 698 0