
2015-2016 жылдары елімізде мұнай өндіру көлемі 4 млн. тоннаға кемісе, оның 2,5 млн. тоннасы Сыр өңіріне тиесілі.
- Басты саладағы көрсеткіштің төмендеуі біз үшін тұйықтан шығар басқа жолды табуға, ізденуге негіз болды. Біз экономиканы әртараптандыру және жедел индустрияландыру қажеттілігі туралы Елбасы шешімдерінің өзектілігін шынайы сезіндік. Біз экономиканың құрылымын өзгерту біржылдық процесс еместігін және өңіріміздің көмірсутек шикізаты мен мұнай бағасына әлде де ұзақ уақыт тәуелді болатынын түсінеміз, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихат сессиясында.
Сол себепті Энергетика министрлігімен бірлесіп көмірсутек шикізатының жаңа кен орындарын барлау және іске қосу мүмкіндіктері қарастырылуда.