Қызылордаға Жамбыл облысының делегациясы келеді

Ертең Қызылорда облысына жұмыс сапарымен Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев бастаған делегация келеді, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен. 
Сыр өңіріндегі Жамбыл облысының күндері барысында делегация «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы музей экспозициясымен танысып, «Гагарин старты» алаңында, Қармақшы ауданындағы «Қорқыт ата» мемориалдық кешенінде, зиярат ету орталығында болады. Сондай-ақ Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылына ат басын бұрып, әлеуметтік-экономикалық жағдайға қанығады. Одан кейін Қызылорда қаласындағы бірқатар нысанның тыныс-тіршілігімен танысуы жоспарланған. 
Кешкілік Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрында Жамбыл облысы өнерпаздарының концерті өтеді. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қыркүйек 2016 г. 709 0