
Бүгін Ұстаздар мерекесі қарсаңында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ардегер-оқытушылар арасында шахмат турнирі өтті. Шараны университет жанындағы ардагерлер кеңесі, кәсіподақ комитеті және ректорат ұйымдастырды.
Тақта тартысына оннан аса ардаргер-ұстаз қатысты. Олар мұндай тартысты спорттық сайысқа ерекше ықыласпен келіп, бұрынғы әріптестерімен жүздесті. Кәсіби мерекеге таяу күндері осындай қуанышқа кенелгендердің бірі –физика-математика кафедрасының оқытушысы Нұртаза Абдрахманов.
- Университетте қырық жылдан астам жұмыс өтілім бар. Сол аралықта ардагер-оқытушылардың елеусіз қалған кезін көрген емеспін. Бұл университет ұжымының ауызбіршілігінің арқасында деп білемін. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Осындай шаралар өз жалғасын таба берсін,- деді ол.
Шахмат турнирінің жеңімпазы мен жүлдегерлері университеттің ұстаздарға арналған мерекелік кешінде марапатталатын болады.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің
баспасөз қызметі