
3-4 қазан күндері Қызылордада мүгедек әйелдерді кәсіпкерлік бағытта тиімді қарым-қатынас жүргізуге, көшбасшылыққа баулу мақсатында семинар өтеді.
Шараны «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесе ұйымдастырып отыр. Оған 18 бен 47 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі азаматшалар қатыса алады.
Оқу курстары жаңа білім мен мүмкіндіктерге ашық, тұрақты жұмыс орнын іздеген немесе жеке бизнес ашқысы келетін жандарға арналған.
Семинар келесі тақырыптарды қамтиды:
-Мүгедектіктің әлеуметтік моделіне негізделген мүгедектік ұғымының ағымдық түсініктемесін құру;
-Мүгедектігі бар әйелдердің өзіне деген сенімділігін арттыру, жеке бөліну мен масылдықтан арылу, ұжымдағы көшбасшылық әдістер мен қабілеттерін ашу;
•Тиімді қарым-қатынас, өзін-өзі таныстыру және бизнес-жобасын таныстыруға үйрету, кәсіпкерлік барысындағы күйзелістерді көтере білуге баулу;
•Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің негіздерін үйрету.
Қазақстан бойынша курстар аяқталған соң келесі бағыттар бойынша 90 әйел қайта біліктілік алу курстарына таңдап алынады:
•Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп;
•Сall-орталық операторы жұмысы. Кеңсе-менеджері;
•Тігін ісі және киім жөндеу;
•Бизнес-жоспарлар дайындау негізі.
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, И.Журба көшесі, 12, конференц-зал.
Өтетін күні мен уақыты: 3-4 қазан, басталуы сағат 09:30.
Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: + 7 7242 551118.
Электронды мекен-жай: damu@list.ru.