Жәрмеңкеде жұмыс тапты

Жәрмеңкеде жұмыс тапты"Жұмыспен қамту-2020 жол картасы” бағдарламасы аясында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жастар ресурстық орталығы Павлодар облысының жұмыс берушілер делегациясымен бірлесіп, "Бос жұмыс орындары” жәрмеңкесін өткізді. Шара барысында қала әкімінің орынбасары Нұрхан Жәлиев сөз сөйлеп, еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың сай келуін, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру мәселесіне мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.
Мұнан соң ұйымдастырушылар Павлодар облысы бойынша 39 мекемеден 227 бос орынға сұраныс түскенін, ал қаламыздағы 20 мекеме алдын ала 187 бос орынға сұраныс жасағанын айтты. Жұмыс берушілердің қажетті маман табуына, ал жұмыс іздеушілердің жұмысқа орналасып кетуіне ықпал жасайтын жәрмеңкеде Павлодар облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы, көші-қон бөлімінің басшысы Меруерт Есенбаева облыста мал дәрігері, құрылысшы, механизатор, тракторист, агроном, ағылшын тілінің мұғалімі секілді бірқатар мамандарға сұраныстың көптігін жасырмады. Сонымен қатар егер жұмысқа тұруға ынта білдірушілер болса, олардың Павлодар облысына қоныс аударуын ұйымдастыру жұмыстары жүзеге асырылатынын жеткізді. 
Жыл басынан бері қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласқан азаматтар саны 11298-ге жетіп отыр. Аталған бөлімнің ықпалымен осы уақытқа дейін 3221 адам жұмысқа орналасқан.
Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қыркүйек 2016 г. 666 0