Ауыл спортшыларының спартакиадасы Қазалыда өтеді

Ауыл спортшыларының спартакиадасы Қазалыда өтеді6 қазанда Қазалы ауданында ауыл спортшыларының  XXX «Алтын күз-2016» облыстық спартакиадасы басталады. Жарысқа 7 ауданнан 1000-нан астам спортшы қатысады. 
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, сайыс спорттың 15 түрінен өтеді. «Алтын күз» ойындары үш кезеңнен тұрады. Бірінші – дене шынықтыру клубтарындағы бұқаралық жарыстар, екінші кезеңі – аудандық ойындар 30 тамызға дейін өткізілсе, үшінші кезеңі – ақтық жарыстар 6-9 қазан аралығында өтеді. 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қыркүйек 2016 г. 720 0