
1 қазан күні Қызылорда қаласында велоспорттан халықаралық спорт шебері Андрей Кашечкиннің жүлдесіне арналған жарыс өтеді, - деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған жарысқа 2001 жылғы және жасы одан кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысады. Бағдарламаға сәйкес спортшылар 25 шақырым критериум жарысында сынға түседі. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Алғашқы рет ұйымдастырылып отырған жарыс алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізіледі.