Үш тілді жетік меңгерген жастар сайысты

Үш тілді жетік меңгерген жастар сайыстыҚазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, білім бөлімдері үш тілді жетік білетін жастар арасында «Тіл – тұнық ойдың кәусар бұлағы» атты олимпиада ұйымдастырды. 
Талапкерлер бірінші кезеңде қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі тапсырмалардың тақырыптық мазмұнын толық ашып, екінші кезеңде үш тілде эссе жазды. Ал үшінші кезеңде мәтінге ілеспе аударма жасап, білім деңгейлерін көрсетті. Қазылар алқасы олардың тілдерді меңгеру деңгейіне, жазу сауаттылығы мен дыбыстардың дұрыс дыбысталуына, жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігіне және өзін-өзі ұстауына, берілген уақытты дұрыс пайдалануына баса назар аударды. 
Байқау нәтижесінде №226 гимназия мұғалімі Қаражан Фариза бас жүлдені жеңіп алды. І орынды №165 мектептің мұғалімі Қали Әйгерім, ІІ орынды №249 мектеп-лицейдің мұғалімі Қожахмет Эльвира, ІІІ орынды №70 мектептің мұғалімі Сағындықова Назгүл мен №190 мектептің мұғалімі Әлім Ақерке өзара бөлісті. 
Бекзат ӘЖІМҰРАТ

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қыркүйек 2016 г. 1 177 0