
Астана қаласында тректен өткен Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионатында қызылордалық спортшылар 4 шақырымдық командалық жарыста бірінші орынды иеленді.
Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, команда құрамында облыстық жоғары спорт шеберлігі және №3 велоспорт жөніндегі балалар-жасөспірімдер мектептерінің тәрбиеленушілері Асылхан Тұрар, Карим Бузин, Мади Әзен және Роберт Гайнеев өнер көрсетті. Сондай-ақ мэдисон сынында Асылхан Тұрар мен Роберт Гайнеев, топтан шығып кету жарысында (гонка с выбыванием) және ұпай санымен топтық жарыста Роберт Гайнеев қола жүлдені еншіледі.
Жалпы, жарысқа еліміздің он үш облысынан 100-ден аса спортшы бақ қатысты.