
Қызылордада «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Сбербанк России» ДБ АҚ арқылы рәсімделген несие есебінен «Достық» қонақ үй кешені ашылды, - деп хабарлады "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының баспасөз қызметінен.
Жоба бастамашысы, «Ахат+ГС» ЖШС директоры Мырзабай Шалғымбаевтың айтуынша, қаланың қонақүй нарығында тұрақты өсім байқалады. Қонақүйлер саны артып, көрсетілген қызмет көлемі 2,5 есеге көбейген.
Компания соңғы үлгілі, жоғарғы сапалы ғимарат құрылысын аяқтау үшін «Даму» қорының 50% кепілдендіруімен 175 млн. теңге несиеге қол жеткізді. Сондай-ақ кәсіпорынның берешек ауыртпалығын жеңілдету мақсатында несиенің 7% үстемесін мемлекет өтеп беруде. Жоба аясында жаңадан 20 тұрақты жұмыс орны ашылды.