Жаңа портал – жан-жақты ақпарат

Жаңа портал – жан-жақты ақпарат
«Сыр медиа» ЖШС өз құрамындағы баспа және электронды ақпарат көздерін біріктіре отырып, жаңа порталды іске қосты.
Бұл ретте әрбір оқырман серіктестікке қарасты об­лыстық, аудандық және қалалық газеттермен қатар, «Қызылорда ньюс» интернет газетінің әрбір жаңа санын, әрі ел өміріндегі өзге де сан-салалы тың жаңалықтарды бір порталдың өзегінен таба алады. Порталда сондай-ақ, «жарнама», «хабарландыру», «әлеуметтік желілер», «мұрағат» және «байланыс» бөлімдері де Сіз­дің сұранысыңызды қанағаттандыруға қызмет етеді. 
Порталға «syr-media.kz» сілтемесі арқылы кіруге болады. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қыркүйек 2016 г. 650 0