Әуесбайдың Қанаты шеберлік дәрісін өтті

Әуесбайдың Қанаты шеберлік дәрісін өттіОблыстық ішкі саясат басқармасы және «Медиа-Жұлдыз» қоғамдық қорының шақыруымен халықаралық журналист, тележүргізуші Қанат Әуесбай кеше Қызылордаға келіп, белсенді әлеуметтік желі қолданушылары мен сайт тілшілеріне арнап семинар-тренинг өтті. 
Көрерменге «Әуесбайдың Қанаты» деген имидждік есіммен жақсы таныс ол шеберлік дәрісін «Онлайн коммуникациялар саласындағы заманауи трендтер» деп атапты. Біркүндік шара барысында отандық блогосфераның жайы, әлеуметтік желілер мен блог тұғырларды тиімді қолдану тетіктері кеңінен қамтылды. Тренер қолданыс ауқымы кең фейсбукте посттарды қалай өтімді етуге, маңызды ақпаратты қалай трендке айналдыруға болатыны туралы айтып, тәжірибесімен бөлісті. 
Қатысушылар тақырыпқа сәйкес практикалық тапсырмалар орындап, семинар-тренингке қатысқаны жөнінде сертификаттар иеленді. 
Назерке САНИЯЗОВА
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қыркүйек 2016 г. 703 0