Қазалыда 8 сауда орталығы салынуда

Қазалыда 8 сауда орталығы салынудаҚазалы ауданында тіркелген сауда қызметін көрсететін 1 890 кәсіпкерлік субъектісінің 83,8 пайызы – Әйтеке би кентінде. Ал 6,7 пайызы – Қазалы қаласының, 9,5 пайызы ауылдық елді мекендердің үлесіне тиесілі.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, биылдың өзінде «Жолашар», «Электрон», «Нұрмаш ата» сауда үйлері пайдалануға берілді. Бұдан өзге, тағы 8 ірі сауда орталығының құрылыс жүргізілуде.
Алдағы уақытта «Сенім-Табиғат» ЖШС-нің көлік, сауда логистикалық орталығын, өндірістік аймақтан өнім сақтау қоймаларын салу инвестициялық жобалары жүзеге асырылады.
Қазалыда 8 сауда орталығы салынуда

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қыркүйек 2016 г. 744 0