
Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының әкімдігі үкімет резерві есебінен алдағы жылу маусымына отын сатып алу үшін өтінім берді, деп хабарлайды BNews.kz.
Аймақтар жыл соңына дейін 1 862 млн теңге алуды көздеп отыр. «Біз ҚР Қаржы министрлігіне үкімет резервінен қаржы бөлуі үшін өтініш жолдадық. Яғни 30 364 тонна мазут алу үшін 1 528 млн теңге, 91 977 тонна көмірге 335 млн теңге қажет», - деді Қанат Бозымбаев.
Министр ҚР Үкімет басшысынан осы процесті жылдамдату үшін мүдделі мемлекеттік органдарға тапсырма беруін сұрады.
Анықтама: Үкімет резервінен облыстарға жылу беру маусымына қанша қаражат бөлінді?
Жылдар бойынша:
2012-2013 жылдар – 2 714 млн.теңге
2013-2014 жылдар – 2 781 млн. теңге
2014-2015 жылдар – 2 953 млн. теңге
2015 (қазан-желтоқсан) жыл – 1 994 млн. теңге
Облыстар бойынша:
Қостанай облысы – 2 927 млн.теңге
Шығыс-Қазақстан облысы – 1 626 млн.теңге
Жамбыл облысы – 1 317 млн.теңге
Қызылорда облысы – 3 587 млн.теңге
Оңтүстік Қазақстан облысы – 262 млн.теңге
Ақмола облысы – 723 млн.теңге