Қазалыда жылу маусымына қам жасалуда

Қазалыда жылу маусымына қам жасалудаҚазалыда аудан әкімінің өкіміне сәйкес жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын үйлестіруші аудандық штаб құрылып, жұмыс істеуде, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
Бүгінгі күні 58 білім, 52 мәдениет, 41 денсаулық сақтау мен 21 басқару аппараты нысаны – барлығы 172 нысанда дайындық өз дәрежесінде жүргізілуде. Ал тұрғын үйлерге газ желісін монтаждау жұмыстары бойынша 1 395 тұрғын үйдің өлшемі алынып, жоба дайындалды. Қазіргі таңда 807 тұрғын үй газ қызметін пайдалануда. Оның ішінде кредиттік жүйе мүмкіндігіне 39 адам жүгінген.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қыркүйек 2016 г. 817 0